Бәсекелестік ортаға батыл қадам қажет

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Төрағасы Қадырхан Махмұтұлы Отаровтың 2012 жылдың  15 – ақпанындағы Алматы қаласындағы еліміздің аграрлық саласы бойынша білікті мамандар даярлайтын ежелгі жоғарғы оқу орыны Қазақ  Ұлттық Аграрлық  Университетіне сапарында, оқытушылар құрамы мен студенттер ыстық ықыласпен қарсы алды. Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік ұйымдары мен кәсіпорындарына бірден-бір қажетті мамандарды даярлап шығаратын білім ордасымен тығыз қарым-қатынас орнату, Агенттік ұжымына бәсекелестік ортаға батыл қадам басуға жол ашары анық.

Ел экономикасын дамытуда өзіндік орыны бар жер саласында бірлесіп атқаратын шаралар нақтыланып, Қазақ Ұлттық Аграралық  Университетінің ректоры Тілектес Исабайұлы Есполов пен Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің Төрағасы Қадырхан Махмұтұлы Отаров арасында  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Маңызды құжатқа қол қою рәсіміне «МемжерҒӨО» РМК Бас директоры Ә.Бегманов пен оның  кеңесшісі ҚР ҰҒА академигі З. Дүйсенбеков, Алматы қаласы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы А.Ноғайбаев, «МемжерҒӨО» РМК АФ директоры А.Бейімбетовтер қатысты.     

Аталған саладағы келісім, Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда ғылым, білімді дамытуға, өндірісті  интеграциялауды күшейтуге ықпалын тигізбек.

Жерге орналастыру, топырақ, геоботаникалық зерттеулер, жер мониторингі, жер кадастры, жерді қалпына келтіру мен қорғау секілді салалық ерекшелігі басым мамандықтардың сапасын көтеру, жастарды ғылымға бейімдеудің жолдары,  студенттерді өндірістік тәжірибеден өткізудің жаңа базасы, өзге де өзекті мәселелер бірлесіп атқаратын жобаларға қосылатын болды.

ҚР ЖРБА баспасөз қызметі.

 
RCLett RCRlag RCEmblem RCAnthem RCBlog
alt

alt

alt

alt