Жерге орналастыру

Жерге орналастыру – мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады.

Қазіргі кезде және алдағы жылдарда жерге орналастыруда “Қазақстан Республикасында 2000-2003 жылдарда жер құқын қамтамасыз ету бағдарламасында” және “Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарында” белгіленген едәуір көлемді жұмыстарды орындау міндеті тұр.

alt

Қойылған міндеттердің айрықша маңыздылары:

жер қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

жерге орналастырудың және жерді аймақтарға бөлудің республикалық; облыстық және аймақтық схемаларын (жобаларын) әзірлеу;

мемлекеттік жер кадастрын жетілдіру, оны автоматтандырылған режимде құру және жүргізу;

жерді тиімді пайдалану; топырақ құнарлылығын сақтау мен жетілдіру, жер мониторингін енгізу, жер ресурстарын қорғау жөніндегі Мемлекеттік Бағдарламаны әзірлеу;

зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізу;

жерді бағалау жұмыстарын жүргізу;

егістік жерді есепке алуды жүргізу және өзге де шаралар.

 
RCLett RCRlag RCEmblem RCAnthem RCBlog
alt

alt

alt

alt